UFC-де өнер көрсететін ресейлік қазақ Дамир Ысмағұлов спорттан кететінін мәлімдеді, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Бұл туралы UFC өкілі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Дамирдың сөзінше, мансабын аяқтауына денсаулығы себеп болған. «Өкінішке орай, жағдайымға және денсаулығыма байланысты спорттық мансабымды аяқтауға мәжбүрмін. Осы уақытқа дейін жекпе-жектің нәтижесіне қарамастан шынайы жанкүйерлік еткен және қасымда болған жандарға рақмет. Бұның қызықты саяхат болғаны рас және мәңгі жадымды сақталмақ. Барлығын құшақтадым», — деді спортшы.
Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында 31 жастағы Исмагулов ресейлік аралас жекпе-жек шебері Арман Царукяннан жеңілген еді.