Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Арман Әшімов кәсіпқой бокста алғашқы жекпе-жегін өткізді, — деп хабарлайды Arda-ақпарат.
Спортшы Алматыда өткен бокс кешінің кардында өнер көрсетіп, грузиялық Бухути Татиашвилимен жұдырықтасқан.
Жартылай жеңіл салмақтағы айқас жоспарланған төрт раунд толық өткен. Ал оның қорытындысы бойынша төреші жекпе-жек тең өтті деген шешім шығарды.