Жақында отандық шоу-бизнес өкілдерінің басын қосып, тойын өткізген Әсел Сәдуақасова “тұрмысқа шықпай қаламын” деген қорқыныштан қалай арылғанын айтты деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Оқырманның: “Тұрмысқа шықпай қаламын” деген қорқыныш болды ма?” деген сұрағына Әсел Сәдуақасова: “Әрине, болды. Былтыр сәуір айында “өмірлік серігімді кездестіре алмасам қайтемін?” деген ой келді. Жабырқап қалдым. Бірақ өмірде түрлі жағдай болатынын түсіндім. Қандай жағдай болса да қабылдаймын деп шештім. Содан кейін жеңілдеп қалдым, жәй ғана ары қарай өмір сүре бердім”, – деп жауап берді.
Актриса өзінен он жас кіші күйеуінің жақсы қасиеттерін де жіпке тізгендей айтып берді.
“Түсініспеушілік болған кезде, Мағжан әр дайым сөйлесуге дайын. Мен эмоцияға ерік берсем, ол сабырлық танытады.Ол тыңдай біледі және мені түсінуге тырысады”, – дейді Әсел Сәдуақасова.