Құрбыларын жинап қызойнақ өткізген актриса Әсел Сәдуақасованың сырға салу рәсімі өтті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Күйеуімен некесін заңдастырып, тойға дайындалып жүрген өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне сырға салғанын айтты.
“Сәлем, жандарым! Бүгін бізде маңызды күн – сырға салу. Құттықтауларыңызды қабылдаймын. Сырға салу рәсімі көңілді өтіп жатыр”, – деп жазды Әсел Сәдуақасова.
Актрисаның желіге жүктеген видеосынан қалыңдықтың қолынан екі жеңгесі демеп, құдағилардың алдына апарғанын көруге болады. Салт-дәстүрге сай күйеу жігіттің туыстары қалыңдықтың құлағына сырға тақты.
Әсел Сәдуақасова оқырманына сырғасын да көрсетіп үлгерді.