Пятница, 29 ноября, 2024

Әскери қызметшілерге бастапқы жарнасыз ипотека беріледі

Отбасы банкі əскери қызметшілерге бастапқы жарнасыз ипотекалық кредит беру бағдарламасын əзірлеп жатыр. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында жазылған, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

Сенат депутаттары үкімет басшысынан келісімшарт бойынша әскери қызметке келгендерге баспана алу үшін алғашқы жарнаның сомасын төмендету және тұрғын үйді жалдауға бөлінетін қаражатты республика бойынша бірыңғайландыруды сұраған еді.

«Отбасы банк» АҚ əскери қызметшілердің тұрғын үйді сатып алуға бастапқы жарнасының сомасын төмендету мақсатында əскери қызметшілерге бастапқы жарнасыз ипотекалық кредит беру бағдарламасын əзірлеуді жүзеге асыруда», – деп жазылған Үкімет басшысының жауабында.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған