Астана емханаларына жаңа автокөліктер берілді — деп хабарлайды Arda-ақпарат.
Автопаркке шұғыл жетудің 4-санатына, үйге, мобильді бригадаларды тасымалдауға және т. б. шақыруларды орындау үшін тағы 50 автокөлік қосылған.
Биылғы қыркүйектің басында жедел медициналық жәрдем станциясына 55 арнайы машина берілді. Жалпы алғанда, қаланың медициналық мекемелері мен жедел медициналық жәрдем станцияларының автопаркі соңғы жылдары 200-ден аса автокөлікпен толықтырылды, делінген хабарламада.
Соңғы үш жылда медициналық мекемелер 3 мыңға жуық арнайы жабдықтармен жарақтандырылған, 40 «Үй жанындағы дәрігер» нысаны ашылды (оның 7-сі тұрғын алаптарында), жыл аяғына дейін тағы 10 «Үй жанындағы дәрігер» нысаны ашылады, бірқатар медициналық мекемелерде жөндеу жұмыстары жүргізілді, 4 медициналық мекеме құрылысы бойынша жобалар іске асырылып жатыр.
Астанада перзентханалардың, «Жағалау-3» амбулаториялық-емханалық кешендерінің және «Нұрлы жол» вокзалы ауданында, Көктал-1 ЖМ алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтары, Тельман, Пригородный және т.б. құрылысы жоспарланған.