Астана мен Душанбе арасындағы әуе қатынасы қайта жандануы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан-Тәжікстан бизнес форумында Тәжікстан премьер-министрінің орынбасары Сулаймон Зиезода мәлім етті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Бүгін бизнес форумда үкіметаралық комиссия Душанбе мен Астана арасында әуе қатынасы қайта жанданатыны жайлы айтты. Меніңше, бұл мәселе шешіледі», — деді Сулаймон Зиезода форум аясында журналистердің сұрағына жауап бере отырып.