«Астана-Зеленстрой» ЖШС бас директорына 185 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлім еткендей, Астана қаласы Байқоңыр ауданының № 2 сотында «Астана-Зеленстрой» ЖШС Бас директоры А.Наурызәлі «Табиғат-Сервис НС» ЖШС директорының орынбасары С.Карловадан жасыл екпелерді күтіп ұстау бойынша артықшылық бергені және орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 миллион теңге алу фактісі бойынша істі қарау аяқталды.
«Биылғы 3 наурыздағы сот үкімімен Наурызәлі пара алғаны үшін кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы – 185 миллион теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды», — делінген Антикор хабарламасында.
Карловқа сот параның он бес еселенген сомасы – 135 миллион теңге көлемінде айыппұл салды.