Пятница, 29 ноября, 2024

Астанада 180 миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын тонаған күдіктілер ұсталды

Астанада 180 миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын тонаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

УКП қызметкерлері мен Степногорск қаласының ӨҚБ жедел уәкілдері арнайы операция жүргізіп, зергерлік дүкеннің батыл және мұқият жоспарланған тонауын әшкереледі.

Еске салайық, 1 мамыр күні белгісіз біреулер жертөлені ойып, дүкенге кіріп, зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен болатын.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188 бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ПД басшылығының нұсқауымен бірнеше жедел топтар құрылып, Ақмола аумағында да, көрші облыстарда да бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізілді.

Сонымен, елордада екі күдікті ұсталды: 1977 және 1988 жылы туған елорда тұрғындары. Олардан заттай айғақтар, телефондар, құралдар мен көлік тәркіленді.

Тергеу жалғасып жатыр, күдіктілер қамауға алынды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған