2023 жылғы 4 қаңтардағы жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана қаласына қонатын және осы қаладан ұшатын 45 рейс шегерілді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Соның ішінде 26 рейс ұшып келуі және 19 рейс ұшырылуы тиіс болды.
Атап өткенде, «Алматы-Астана» бағытындағы үш рейс тоқтатылып, тағы алтауы кейінге қалдырылған.
«Петропавл-Астана» бағытында ұшатын рейс тоқтатылды.
«Ақтөбе-Астана» бағытында ұшатын бір рейс кейінге қалдырылып, біреуі тоқтатылды.
«Шымкент-Астана» бағытындағы төрт рейс күн райы тұрақталғанша кейінге қалдырылды.
«Қостанай-Астана» бағытымен ұшатын бір рейс тоқтатылып, тағы біреуі кейінге қалдырылған.
Сондай-ақ, елордаға Түркістан, Қызылорда, Жезқазған, Атырау, Ақтау және Мәскеуден ұшып шығуы тиіс болған рейстер кейінге қалдырылды.
«Астана-Петропавл» бағытында ұшатын бір рейс кейінге қалдырылған.
«Астана-Алматы» бағытымен ұшуы тиіс болған төрт рейс тоқтатылып, тағы үшеуі кейінге қалдырылды.
«Астана-Қостанай» бағыты бойынша ұшуы тиіс болған бір рейс тоқтатылып, тағы біреуі күн ашылғанша кейінге қалдырылды.
«Астана-Шымкент» бағытындағы екі рейс кейінге қалдырылды.
«Астана-Атырау» бағытындағы бір рейс кейінге қалдырылды.
«Астана-Ақтөбе» бағытындағы екі рейстің бірі тоқтатылып, тағы біреуі кейінге қалдырылды.
«Астана-Жезқазған», «Астана-Ақтау», «Астана-Қостанайй» бағытындағы рейстер кейін ұшатын болды.
«Астана-Түркістан» бағытындағы рейс күн райының бұзылуына байланысты тоқтатылды.