Четверг, 28 ноября, 2024

Астанада алып мұнара краны екіге бөлініп құлап кетті

Астанада мұнара краны ауыр жүктен екіге бөлініп, құрылыс алаңына құлап кетті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Қалалық ТЖД өкілдері хабарлағандай, апатқа шамадан тыс жүктеме себеп болған.

Оқыс оқиғадан зардап шеккендер болған жоқ.

«19 сәуірде сағат 09:25 шамасында «Кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені» құрылыс учаскесінде жүкті көтеру кезінде QTZ-63 мұнара краны құлады. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиға орнында ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», — делінген хабарламада.

ТЖД жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен апатты тергеу жөніндегі комиссия құрылатынын жеткізді.

Тергеу нәтижелері қосымша хабарланады.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған