Среда, 27 ноября, 2024

Астанада Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі қайта қаралып жатыр

Елорда соты апелляциялық шағым бойынша Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қылмыстық істі қайта қолға алды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«2023 жылғы 20 маусымда сотталушылардың қорғаушыларының атынан түскен апелляциялық шағым негізінде А. Мұхамедиұлы, А. Нұразхан, А. Сәдуақасова және А. Көшеновке қатысты қылмыстық іс қайта қаралады», — деді судья Мұрат Еркінбекұлы.

Айта кетейік, сот отырысында А. Мұхамедиұлының үш сыбайласының (А. Нұразхан, А. Сәдуақасова және А. Көшенов) ісі бірге қайта қаралып жатыр.

Сондай-ақ, судья сот отырысының ашық форматта, яғни, қатысушыларға шектеу қойылмайтынын айтты. Сотталушылардың адвокаты мен қорғаушылары өз өтініштерін білдіріп, сот отырысын кейінге шегеруді ұсынды.

Аталған сот отырысының жалғасы 14 қыркүйек күні сағат 9:30-да өтеді.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған