Четверг, 28 ноября, 2024

Астанада Арыстанбек Мұхамедиұлының соты басталды

Елордада экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының соты басталды. Ол ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен айыпталған деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Сот отырысы бас қаланың Байқоңыр ауданында №2 сотында өтуде. Бірақ бүгінгі сот отырысына айыпталушы онлайн режімде қатысты.

“Сотталушы ауа райына байланысты онлайн қатысады. Кейін офлайн режімде жалғасатын болады”, — деді судья Бағлан Ыдырысов.

Еске салайық, бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қылмыстық іс «Байқоңыр» аудандық №2 сотына түскені жазылды. Ол халықаралық көрме өткізу үшін бөлінген 140 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен қамауға алынған еді.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған