Четверг, 28 ноября, 2024

Астанада Гейдар Әлиев атындағы көше ашылады

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев шағын құрамда кездесу өткізіп жатыр, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыс дамып жатыр. Біздің елдегі азаматтардың 130 мыңы әзербайжан ұлтының өкілі. Бүгін оның басым бөлігі мемлекет қайраткері Гейдар Әлиев атындағы көшенің ашылуына қатысады. Біз оған арнайы шақырдық. Екі елдің мәдени күндерін өткізудің онкүндігін келістік. Қазақстанның мәдени күндері биыл өтеді»,- деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президентімен бірлесіп Гейдар Әлиев атындағы көшені ашатынын айтты.

«Бүгін Гейдар Әлиевке арналған “Ғазиз ғұмыр” деректі фильмінің тұсаукесері өтеді. Оны біздің тапсырмамыз бойынша “Qazaqstan” телерадиокорпорациясы түсірді. Біздің елдер арамыздағы шынайы бауырластықтың көрсеткіші қазақ халқының атынан Физули қаласында салынып жатқан балалар шығармашылығына арналған орталық болып отыр. Маған нысанның құрылысы қарқынды салынып жатқанын айтты. Жақын арада ол орталықтың жұмысына бірге куә боламыз деп ойлаймын»,- деді Тоқаев.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған