Понедельник, 25 ноября, 2024

Астанада Каллиграфия көрмесі ашылды

Астанада Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында каллиграфия көрмесі ашылды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, көрмеде тарихи ескерткіштертегі куфи жазуымен жазылған 50-ден аса картина және XIII ғасырда жазылған тарихи тұлғалардың өмірдеректері мен XVIII ғасырда қағазға түскен Орта Азиядағы түркі халықтарының көшбасшылары жайлы «Зобдат-уль-тарих» қолжазба көшірмелері бар.
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Жандос Бекділдәұлының айтуынша, көрмеге Иранның ең мықты каллиграфтары мен реставраторлары келген.

Іс-шара аясында Ираннан арнайы шақырылған мамандар мен қазақстандық
архив, кітапхана, музей және ғылыми орталықтардың реставраторлары көне қолжазбалар мен сирек кітаптарды каталогтау, жүйелеу, цифрлық жүйеге көшіру, қалпына келтіру және каллиграфия өнері бойынша тәжірибе алмасады.

«Ирандық мамандар қолжазбалар мен баспа ісін реставрация жасау ісінде озық тәжірибеге бай. Көрмеге қойылған тарихи-мәдени ескерткіштерден алынған көне жазулар үлгісі мен қолжазба көшірмелері реставраторлардың жойыла бастаған мұраларды қайта жаңғыртқан таңдаулы жұмыстары»,-деп Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Әли Акбар Жоукар атап өтті.
Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мен Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырған іс-шаралар түрлі тақырыптар аясында апта бойы жалғасады.
ARDA-Aqparat

Суреттер: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған