Астанада 7 сәуір таңертең КамАЗ жүргізушісі тұрақта тұрған алты көлікпен соқтығысып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Камаз Циолковский көшесімен Абай даңғылына қарай келе жатып, тұрақта тұрған алты автокөлікке соғылуға жол берді. Жүк көлігінің жүргізушісі іздестірілуде.
Елордалық полиция департаментінің хабарлауынша, жүргізуші көліктен шығып, оқиға орнынан кетіп қалған. Бақытымызға орай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Қазіргі уақытта жүргізушінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жүргізілуде. Олардың нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады», – деп толықтырды полиция.