Елорданың сол жағалауындағы көпірдің төбесіне шығып алған қыз жерге түсірілді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Әлеуметтік желілерде министрліктер үйінің жанындағы көпірдің төбесіне шығып алған қыздың видеосы тарады. Кадрлардан қыздың қауіпті жерде отырғанын көруге болады.
Оқиға орнына бірден тәртіп сақшылары мен құтқарушы мамандар жеткен. Сондай-ақ, жедел-жәрдем қызметі де шақырылған.
Құтқарушылар тобы қыздың көпірден секіруіне жол бермей, қайғылы жағдайдың алдын алды.