Вторник, 26 ноября, 2024

Астанада мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты

18 қаңтарда Астана қаласының маңайында парашютпен жоспарлы секіру бойынша оқу-жауынгерлік тапсырмаларын орындау барысында мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Министрлік мәліметінше, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуып жатыр. Қазіргі кезде тексеріс жүргізіліп жатыр.

«Әскери қызметші 2022 жылдың көктемінде Қарағанды қаласынан әскер қатарына шақырылған. Командирлері мен қызметтестері арасында үлкен беделге ие болған еді. Бауырмашыл, қызметі жағынан үнемі жақсы жағынан көрінетін. Борышын өтеуге келгелі бері әскери істі үйренуге ерекше ынта танытып жүретін. Өз ата-анасының айбынды ұлы, нағыз патриот және қызметтестері арасында үлгілі азамат болатын. Қарулы Күштердің басшылығы мен жеке құрамы сарбаздың отбасы мен жақындарына орны толмас қазасына ортақтасып, қайғыра көңіл айтады», — делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігінің тарапынан әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету бойынша барлық қажет шара қабылданатын болады.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған