Астанада Ақмешіт-Достық көшелерінің қиылысында 21 жастағы мопед жүргізушісі жол апатына ұшырады. Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Астана полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 25 маусымда болған.
«Mitsubishi Delica автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі Ақмешіт-Достық көшелерінің қиылысында бағдаршамның рұқсат беру сигналына солға бұрылған кезде тікелей қарсы бағыттан келе жатқан мопед жүргізушісіне жол бермеген. Жол көлік оқиғасы салдарынан 21 жастағы мопед жүргізушісі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды», — деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Осы дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.