Среда, 27 ноября, 2024

Астанада полицейлер көпқабатты үйден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды

Астанада полицейлер көпқабатты үйден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«102» арнасына көпқабатты үйлердің бірінен белгісіз азамат 8-қабаттың терезесінен секірмекші болғаны туралы қоңырау түскен. Құрамында полиция капитаны Асылхан Молдағалиев пен аға лейтенант Қуат Сембеков бар автопатруль оқиға орнына жетті. Полицейлер келгенде ер адам балкон терезесінен салақтап тұрғанын байқаған.
Тәртіп сақшылары жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге ер адамды қолынан ұстап, ішке тартып кіргізген. Осы кезде мас күйінде болған ер адам қатты айқайлап босатуды сұраған.«Біз экипаж мүшесі ретінде ер адам балконнан салақтап, төменге секірмекші болған жерге бірден жеттік. Санаулы секундтарда жоғары көтеріліп, оның қолынан ұстап, пәтерге кіргіздік», — дейді Асылхан Молдағалиев.
Ер адамға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Полицейлер 28 жастағы жігіттің мұндай жағдайға баруына не түрткі болғанын анықтауда. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған