Четверг, 28 ноября, 2024

Астанада прокуратура қызметкері екі тәулік бойы жоғалып кеткен баланы тапты

Астанада прокуратура қызметкері жоғалған баланы тапты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, сәуірдің басында Астана қаласында кәмелетке толмаған бала жоғалып кеткен. Жеткіншек үйден кітап дүкеніне шығып, қайтып оралмаған.

«LIDER.KZ» волонтерлері баланы 2 тәуліктен артық уақыт бойы іздеп таба алмағанын хабарламадан білген соң Құқық қорғау органдары академиясының магистранты Жан Мұрат жолдасымен бірге көмекке шыққан.

«Елорданың Алматы және Байқоңыр аудандарының қоғамдық пайдалану орындарын (қоғамдық тамақтандыру, компьютерлік клубтар, мешіттер және т.б.), қараусыз қалған ғимараттарды, қоқыс жәшіктерін, арықтарды аралап, екі сағат бойы сәтсіз іздеуден кейін Жан Мұрат қаланың сол жағалауына барып, іздеуді жалғастырған.

Достық көшесімен түнгі сағат 04:40 шамасында жүріп, ол сипаттамаға сәйкес келетін балаға назар аударады. Барлық жағдайларды нақтылағаннан кейін, бұл жоғалған бала екені белгілі болды. Прокуратура өкілі баланы полиция қызметкерлеріне тапсырған», — делінген хабарламада.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған