Елордада такси жүргізушілері есірткінің таралуына қарсы флешмоб өткізді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT
Ақпаратқа сәйкес, «Астана – есірткісіз қала» кешенді жоспары аясында іс-шараны қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасы полиция департаментімен және таксопарктермен бірлесіп өткізді.
Жүргізушілер акция барысында көліктердің көмегімен «Біз қарсымыз!» жазуын бейнеледі.
«Тыйым салынған заттарды сату ісімен жолаушылар тасымалы түрінде көбіне такси жүргізушілері айналысқан. Бұл әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке тартылады және 2019 жылдан бастап 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», — делінген хабарламада.