Пятница, 6 февраля, 2026

Астанада жүлде қоры 20 млн теңгені кұрайтын бәйге өтеді

Астана қаласында Мемлекеттік рәміздер күніне орай бәйге түрлерінен Қазақстан Республикасының турнирі өтеді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Сайыстың ұйымдастырушылары – Астана қаласының әкімдігі мен Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорт түрлерінің федерациясы.

Бәйгенің «Құнан», «Жорға», «Топ» және «Аламан» түрлерінен еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан бағы мен бабы келіскен шын жүйріктер сынға түседі.

Жарыстың жүлде қоры 20 млн теңгені кұрайды.

Дода 4 маусым күні сағат 12:00-де «Қазанат» атшабарында (Қарқаралы тас жолы, 1 мекенжайында, №303, 323 автобустар қатынайды) басталады. Кіру тегін.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған