Четверг, 28 ноября, 2024

Астанада жыл басынан 6 бала терезеден құлап кеткен

Елордада жыл басынан 6 бала терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Биылғы жыл басталғалы Астанада балалардың терезеден құлауының 6 дерегі тіркелді.

«Қуанышқа орай, барлық бала аман, алайда жарақат алған», — дейді полициядан.

Оқиғалардың бірінде 2 жасар сәби үйде үлкен балалармен қалған. Ол терезеге көтеріліп, масаға қарсы торға сүйенбек болып үшінші қабат терезесінен құлап кеткен. Бүлдіршін ауруханаға жатқызылды.

Құлау жағдайларының дені ересектердің балалардың жүріс-тұрысын бақыламауынан, терезені жабуды ұмытып кетуден, терезелерде блок-құлыптардың болмауынан, балаларға терезеге өздігінен көтерілуге мүмкіндік беретін жиһаздың дұрыс орналаспауынан және терезе жабық тұрғандай иллюзия тудыратын масаға қарсы торлардан болады.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған