Алаңның ашылуына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, бала тәрбиесіне маңыз берді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Әл-Фараби бабамыз «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» дейді. Аллаға шүкір, балаларымыздың білім алуларына барлық мүмкіндіктер бар. Мешіттеріміз, ағартушы имам-ұстаздарымыз бала бойында заманауи біліммен бірге рухани ілімді де қалыптастыру үшін қызмет жасауда. Оның айғақтарының бірі бүгінгі ашылған «Дін мен дәстүр» орталығы, мына балалардың ойын алаңы. Балалық шақтан бастап мешіт тәрбиесін алған баладан еліне, халқына жанашыр азаматтардың шыққанына тарих куә. Сондықтан баршаңызды балаларымыздың осы рухани тәрбиесіне көңіл бөлуге шақырамыз», — деді Наурызбай Тағанұлы.