Четверг, 28 ноября, 2024

Астана іргесіндегі 80 гектар аумақты шарпыған өрт толықтай сөндірілді

Еліміздің Төтеше жағдайлар министрлігі Астана қаласының іргесіндегі 80 гектар аумақты шарпыған өрт толықтай сөндірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен Талдыкөл көлінің ауданында 80 га алаңдағы сортаңды жерде қамыс пен құрғақ шөптің жануы бүгін сағат 11.22-де жойылды», — деп хабардар етті ведомстводан.

Астанада 19 маусым күні сағат 9:12-де Қорғалжын тас жолы мен Қосшаға қарай айналма жолдың арасында қураған ағаш өртенді. Кейін өртті сөндіруге Қорғаныс министрлігінің екі Ми-17 тікұшағы әкелініп, өрт сөндіру штабы құрылды. Кейін белгілі болғандай, алдын ала болжам бойынша, өртенген аумақ 80 гектарды құраған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Сырым Шәріпхановтың бұйрығымен Ақмола және Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаментінен қосымша күштер мен құралдар тобы келді. Сағат 21:09-да өрт оқшауланды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған