Елордадағы қалалық мәслихаттың қоғамдық тыңдауларында Астанадағы жаңа аудан атауының нұсқалары белгілі болды, — деп хабарлайды Arda-ақпарат.
Елордалық Тілдерді және мұрағаттарды дамыту басқармасының басшысы Сәкен Есіркептің айтуынша, ономастикалық комиссия отырысында жаңа аудан атауына екі нұсқа таңдалған: Нұра және Қараөткел.
«Біз сарапшылармен бірнеше кездесу өткіздік және бірқатар нұсқаны талқыладық және ономастика комиссиясы отырысына екі нұсқаны шығардық. Бірінші нұсқа — Нұра, бұл Ақмола және Қарағанды облыстарындағы өзен. Екінші нұсқа — Қараөткел. Бірақ қазақ грамматикасына сәйкес қатарынан тұрған екі дауысты дыбыс айтылуды қиындатады. Сондықтан Нұра нұсқасын ұсынамыз», — деді Сәкен Есіркепов.