Өткен демалыс күндері Астанада қар әдеттегі қалыптан тыс мөлшері жауды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Айлық нормасы 22 мм болса қалада үш күн ішінде 37 мм-ден астам жауын-шашын жауды.
Соңғы үш күнде қаладан 71 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 5,5 мыңнан астам жүк көлігінің рейсіне тең.
Қаланың коммуналдық қызметтері бірнеше ауысымда тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Күн сайын қар күреу жұмысына 2,2 мыңнан астам жол жұмысшы және мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.
Қала тұрғындарын көктайғақ кезінде қозғалыс ережесін сақтауға, жүргізушілерді жолда мұқият болуға және қауіпсіз ара қашықтықты сақтауға шақырамыз.