Вторник, 26 ноября, 2024

Астанаға кемінде 2 перинаталдық орталық салу қажет – Алтай Көлгінов

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов тиісті министрлік пен әкімдіктерге өңірлердегі перинаталдық орталықтардың материалдық-техникалық жағдайын жақсарту туралы тапсырма берді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Тағы бір маңызы мәселе – ана мен бала денсаулығын қорғау. Бұл бағытта босаунға көмектесетін ұйымдар мен балалар ауруханаларын қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз ет деңгейін арттыру міндеті тұр.

Ең алдымен акушерлік, гинекология, перинатология орталықтарының инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы мәселелерді тездетіп шешуіміз қажет», — деді ол Денсаулық сақтау министрлігінің қорытынды алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша, бұл істі Астанадан бастау қажет. Өйткені елорданың өзінде перинаталдық орталық тапшы.

«Аналардың қауіпсіз босануына жағдай жасу және өңірлердегі перинаталдық көмек көрсету сапасын арттыру бағытында кешенді шараларды іске асыру маңызды. Оның ішінде әкімдіктермен бірлесіп перинаталдық орталықтар салуды және босануға көмектесетін, балалар медициналық ұйымдарын қазіргі заманғы жабдықтармен қамтуды тездету қажет. Алысқа бармай-ақ, қояйық осы Астананың өзінде кемінде перинаталдық орталық салу қажет. Ал өңірлерде қаншама мәселе бар?! Осыны назарға алу керек», — деді Алтай Көлгінов.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған