Среда, 27 ноября, 2024

Астанаға Үндістанның ірі инвесторы келді

Астанаға іскерлік сапармен Үндістанның «Adani Group» конгломератының басшысы Гаутам Адани келді, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

Үндістан делегациясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі. Сондай-ақ, оның премьер-министр Әлихан Смайыловпен және де орталық мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесуі жоспарланып отыр.

Тараптар логистика, энергетика, мұнай-химия және басқа да салалардағы екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылайды делінуде.

2022 жылғы қарашада «Adani Group» жалпы нарықтық капиталдандыруы рекордтық 280 млрд долларға жетті (2015 жылғы 16 млрд доллардан 17 есе өсім, — ред).

«Adani Group» компаниясының Қазақстанға сапарын Сыртқы істер министрлігі мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырды.

«Adani Group» компаниясын 1988 жылы Гаутам Адани құрған. Оның штаб-пәтері Ахмадабад қаласында орналасқан. Ол Bloomberg журналының мәліметіне қарағанда, Азияның ең бай адамы. Оның қаражаты 129 млрд доллардан асады. Ал Forbes-тың дерегі бойынша Адани дүниежүзіндегі ең бай үш адамның қатарына кіреді. Бизнесменнің қаражаты 136 млрд доллардан асады деген дерек бар.

«Adani Group» компаниясының жылдық табысы — 25 млрд доллар. 70-тен астам елде 23000-нан астам қызметкері бар.

«Adani Group» энергетика, теңіз порттары мен логистиканы, тау-кен өнеркәсібі мен пайдалы қазбаларды өндіруді, газды, сондай-ақ әуежайларды, деректер орталықтарын және басқа да қызмет түрлерін қамтитын 7 компаниядан тұрады.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған