Астанада коронавирус жұқтыру көрсеткіші өсіп келеді. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пралиева айтты, деп хабарлайды Arda-ақпарат.
Жанна Пралиева елордада ревакцинациядан өтпегендердің басым бөлігі бар екенін, сонымен қатар қалада COVID-19 жаңа штамы Cerberus таралып жатқанын мәлімдеді.
«COVID-19 туралы деректерді, сонымен қатар жаңа Cerberus штаммын анықтау жылдамдығын талдай отырып, біз ауру көрсеткіші өсу үрдісінде деген қорытынды жасай аламыз». — деді Астананың бас санитар дәрігері Жанна Пралиева.
Оның айтуынша, 1 желтоқсаннан бері бар болғаны 6 күнде қалада COVID-19 инфекциясының 322 жағдайы тіркелген. Науқастардың ішінде вакцинацияланғаны – 167 адам. Оның ішінде 117 адамда вакцинаның екінші құрамдас бөлігін алған күннен бастап 6 айдан астам уақыт өткен. Қайта егілгендердің 50-і ауырған, оның ішінде тек 16-сында қайта вакцинациядан кейін 6 айдан аспаған.
Елордадағы Ұлттық сараптама орталығы филиалының молекулярлық-генетикалық зерттеулер зертханасының мәліметі бойынша, елордада SARS-CoV-2 вирусының Omicron- ның (BA.5.2. (Pango v.4.1.1 PLEARN-v1.12) және (BA .5 тәрізді) штаммдары басым. Олар қаладағы зерттелген үлгілердің 79%-ында табылды.
Сонымен қатар 17% үлгілерде BA.5.1-3%, BA.4-1% штамдары және басқа да генетикалық линия байқалған. Сонымен қатар Қазақстан үшін «Омикрон» штаммының BQ.1.1 (бейресми атауы — Цербер) жаңа субгенетикалық линиясы анықталды.