Четверг, 28 ноября, 2024

Астананың жаңа бас жоспары таныстырылды

Бүгін елордада «Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспарының» жаңа жобасы бойынша қоғамдық талқылау өтті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Қазіргі уақытта бас жоспар жобасы келісу сатысында тұр. 2016 жылғы қолданыстағы бас жоспар 2030 жылға дейінгі мерзімг, және 1 млн 220 мың адамға есептелген. Дегенмен, 2022 жылдың басында қала халқы 1 млн 240 мың адамға жетті. Халықтың жыл сайынғы өсімі – 50 мыңнан астам адам. Осыған орай тұрғындар санының артуын ескере отырып, жаңа бас жоспар әзірлеу тапсырылды, — деді «Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС директорының орынбасары Серік Әбдірахманов.

Оның атап өтуінше, бас жоспарға сәйкес, қала халықты қызмет көрету және тіршілікті қамтамасыз ету үшін 148 жоспарлы секторға бөлінген.

Жоспарлы сектор – бұл бірнеше тұрғын үй орамынан тұратын ірі қалалық аумақ. Жоспарлы сектор қағидаты – жалпы білім беру мектептерінің, балабақшалардың жаяу баратын жерде болуы, балалардың көлік қозғалысы қарқынды жалпы қалалық магистральдарды кесіп өтуіне жол бермеу, қала тұрғындарын, оның ішінде балалар мен қарттарды, тұрғындардың қозғалысы шектеулі топтарды қауіпсіз жаяу баратындай радиуста қызмет көрсету мекемелерімен қамтамасыз ету. Жалпы, бұл – бәріне таныс шағын аудандар. Бірақ, олар ірілендіріліп, өмірдің қазіргі заманауи жағдайына бейімделетін болады. Бұл іс-шаралар қаланы барлық жоспарлы секторда тұруын қолайлы жасайды, — деді ол.

Серік Әбдірахмановтың дерегінше, бүгінде қалада орта білім беретін 133 мектеп бар. Ал 2035 жылға қарай 164 жаңа мектеп салынады. Оның ішінде 2022 жылы 15 мектеп пайдалануға берілді. 2025 жылға дейін — 74, 2025 жылға қарай 75 мектеп салынады.

Бүгінде қала аумағында мектепке дейінгі балаларға арналған 429 ұйым жұмыс істеп тұр. Бас жоспарда 2035 жылға қарай қосымша 175 балабақша салу көзделген. Қазіргі уақытта қалада 39 денсаулық сақтау нысаны бар. Бас жоспарға сәйкес, 2035 жылға қарай тағы 93 нысан салынады. Мұнан бөлек, қазір қалада 11 өрт сөндіру ДЕПО-сы болса, 2035 жылға дейін тағы 17 ДЕПО салу жоспарланған, — деді Серік Әбдірахманов.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған