6 тамызда UFC-де жарқын дебют жасаған қазақ боксшысы Асу Алмабаев Алматыға оралды. Оны әуежайдан туыстары, жақын достары мен жанкүйерлері күтіп алды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Алматы әуежайына спортшыны қарсы алушылар көп жиналды. Боксшыны достары мен жанкүйерлері күтіп тұрды, кездесу көңілді ән мен құттықтауларға ұласты.
Асу Алмабаев 8 тамыз күні таңертең Нэшвиллден (АҚШ) келді, екі күн бұрын ол әйгілі UFC промоушенінде жеңіске жеткен еді. «Зульфиқар» ESPN 50 бойынша UFC турнирінде ямайкалық Оде Осборнды екінші раундта мерзімінен бұрын жеңді.
Қазақстандық боксшы үшін бұл мансабындағы 18-жеңісі болды. UFC-дегі жарқын дебюті үшін Алмабаевқа UFC on ESPN 50 турниріндегі үздік өнері үшін қосымша бонус берілді.