Қазақстанның Халық ақыны, белгілі айтыскер Қонысбай Әбіл көз жұмды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет мәлімдеді, деп хабарлайды Arda-ақпарат.
«Бұл дүние не болып кетті?! Астанадан таң бозымен тағы бір ауыр хабар жетті — арқалы ақын Қонысбай Әбіл дүниеден өтіпті! Жалған-ай!..
Қазақстанның Халық ақыны, атақты айтыскер, алты Алаштың ардақтысы, сөз сүлейі, сайыпқыран сатирик, қарымды қаламгер, тіл жанашыры, от ауызды, орақ тілді, сегіз қырлы, бір сырлы асыл азамат бұл пәниден бақиға көшіпті!
Көкірегім қарс айырыла отырып, марқұмның отбасына, аяулы ақынын қадірлейтін халқымызға көңіл айтамын. Бақұл бол, досым! Жаның жаннатта болсын!» — деп жазды Ұлықбек Есәулет.