Среда, 27 ноября, 2024

Атырау облысында құсбегіліктен Қазақстан чемпионаты өтеді

Атырау облысында құсбегіліктен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

24-26 ақпан аралығында Атырау қаласында еліміздің дәстүрлі, төл спорты құсбегіліктен ересектер арасында XVI Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Жарысқа еліміздің 14 өңірінен 100-ге жуық спортшы қатысады», — делінген Республикалық құсбегілік федерациясының мәліметінде.

Чемпионат регламенті бойынша бәсеке 3 түрлі спорттық құс – бүркіт, қаршыға және ителгі арасында өтеді.

Өтетін орны: Атырау облысының Жаңаталап ауылы.

Еске салайық, ақпан айының алғашқы жартысында Талдықорған қаласында жастар арасында құсбегіліктен ҚР XIV чемпионаты өтті. Турнирге өңірлердегі жасөспірімдер мен балалар спорт мектептерінің оқушылары 70-тен астам құсбегімен қатысты. Нәтижесінде бүркітшілер сайысында Атырау облысынан қатысқан Иманғали Абдулкәрімұлы жеңімпаз атанды. Қаршығаны қолға шақырудан бас жүлдені Алматы облысының өкілі Сейітжан Бексұлтан иеленді. Ал ителгі салудан Түркістан облысынан келген Мүсәлім Салманға тең келер құсбегі болған жоқ.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған