Қаржы мониторингі агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері арнайы кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде жасырын казино ашқан топты анықтады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Тінту жүргізіліп, ойын фишкалары, карталар 3300 АҚШ доллары, 957 000 теңге және де басқа да заттар тәркіленді. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға қатысты тұлғалар және куәлардан жауап алынды», — делінген ведомство хабарламасында.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қылмыстық құқықбұзушылық ұйымдастырушалары өз әрекеттерін толық мойындады.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жалғасып жатыр.