Четверг, 28 ноября, 2024

Атырауда қонақүй қызметкері бөлмеден тауып алған қомақты ақшаны иесіне қайтарып берді

Атырауда қонақүй қызметкері қонақ ұмытып кеткен күртеше қалтасында 4000 еуро (2 миллион теңгедей) тауып алған. Қызметкер қаражатты иесіне қайтаруды шешкен, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Атыраудың орталық аудандарының бірінде орналасқан қонақүйдің біріне Ресейден келген кәсіпкер жайғасқан. Кейін ол кері жолға шығып кетеді. Ал босаған бөлмені жинауға келген қыз ақша тауып алып оны иесіне қайтаруды шешкен. Ол ақшаны өзінде қалдырмай түгел әкімшілікке апарып берген.

“Күрте тауып алдым, оның ішінде бір бума ақша болды. Әрине, тапқанымды әкімшілікке апардым. Басқа қалай істеуім керек еді”,- деді Рымзия.

Қонақ үй басшылығы бірден жолға шыққан ресейлікке хабар берген. Шетелдік досын бірден жіберді. Досымен байланысып, ештеңе ұрланбағанына көз жеткізді. Ақша иесі мұндай адалдықты күтпесе керек.

Ресейлік азамат қызметшіге адалдығы үшін сый қалдырмады. Алайда алғысын айтты. Бірақ қонақүй басшылығы оны адалдығы үшін қосымша жалақымен марапаттады.

«Команданың шыншыл және тәрбиелі таңдалғаны жақсы. Осындай қызмет көрсету арқылы біз өзіміз туралы, Атырау туралы жақсы әсер қалдырамыз», — деп бөлісті қонақүйдің басшыларының бірі Ерік Ботқанов.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған