Среда, 27 ноября, 2024

Атырауда Жайық өзені жасыл түске боялды

Атырауда Жайық өзенінің суы жасыл түске боялған. Бұған дейін де өзен суының жағдайы тұрғындар назарына іліккен, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Өзеннің жасыл түсі мен жағалаудағы ақ көбікті көрген тұрғындар дабыл қағуда. Өзен суын зерттеуге Атырау облысы бойынша экология департаментінің қызметкерлері кірісіп кетті.

“Бейнежазбаны көрген бойда басқарманың зертханалық-бақылау бөлімінің бір топ мамандары Жайық өзенінің жағалауына барды. Біздің қызметкерлер зертханалық талдау үшін өзеннен су сынамаларын алды. Бұл құбылыс қала ішінде тіркелмеген. Судың құрамы туралы егжей-тегжейлі ақпарат зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жарияланады”, – деп жауап берді экология департаменті.

Айта кетейік, шілде айында Ресейдің Магнитогорск қаласында да Жайық өзені жасыл түске “боялған”. Тұрғындар өзен маңындағы кәсіпорандарды айыптағанымен, мемлекеттік органдар су құрамында рұқсат етілген концентрацияның шамадан аспағанын хабарлады.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған