Әлеуметтік желіде жасөспірімдер арасында төбелес шыққаны көрінетін видео тарады. Кадрлардан бір топ бала жасөспірімді соққыға жығып жатқаны байқалады, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Бұл оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті өкілдері пікір білдірді.
«11 сәуірде Атырау қаласындағы колледж жатаханаларының бірінің маңында 2007 жылы туған жасөспірімге дене жарақатын салу дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», — делінген хабарламада.
2006, 2007 жылы туған күдіктілер Атырау қалалық №2 полиция бөліміне жеткізілген.