Жамбыл және Жетісу облыстарында ауа-райының қолайсыздығына байланысты қозғалыс шектелді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Жамбыл облысында ауа-райының қолайсыздығына (қар, боран, көрінудің шектелуі) байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолының Кенен ауылынан Благовещенко ауылына дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді. Көлік қозғалысы ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асуда.
Жетісу облысында ауа-райының қолайсыздығына (боран, көрінудің шектелуі) байланысты «Үшарал-Достық» күре жолының Көктұма бекетінен Достық бекетіне дейінгі аралықта автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді», — делінген хабарламада.