Қазақстандық балуан Азамат Дәулетбеков АҚШ-тың Айова штатындағы Коралвилл қаласында еркін күрестен өткен әлем кубогі жарысында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Arda-ақпарат.
Әлем кубогы араға үш жыл салып қайта жанды. Аталмыш додаға Сербия астанасы Белград қаласында өткен әлем чемпионатының нәтижесінде үздік бестіктен табылған құрамалар қатысты.Сосын алтыншы команда ретінде Жұлдыздар тобы болды. Бұл топтың құрамын Біріккен күрес әлемі (UWW) шешті. Оған кубокқа жолдамадан тыс қалған құрамалар сапындағы балуандардың үздіктері алынды.
Олардың сапында қазақстандық Азамат Дәулетбеков өнер көрсетті. Әлем құрамасы жарысты екінші айналымнан бастады. Алдымен Жапонияны 9:1 есебімен жеңді. Жерлесіміз 86 келіге дейін салмақта Таицуя Шираидан басым түсті.
Бірақ әлем құрамасы жартылай финалда Иран балуандарына есе жіберді. Қорытынды есеп — 4:6. Бұл жолы Азамат парсы елінің Алиреза Мохаммад Каримимачианиге есе жіберді.
Ал қола жүлде үшін тартыста бұл құрама Грузияның осал тұсын тапты (8:2). Жерлесіміз