Вторник, 26 ноября, 2024

Азамат Есқараев: Біз заң тазалығына жауап береміз

Әділет министрі Азамат Есқараев нормативтік құқықтық акт жобаларының жоғары сапасын және қолдану практикасының маңызы туралы айтты.
«Әділет министрлігі — нормашығармашылық қызметтің үйлестірушісі және нормативтік құқықтық актілердің „заң тазалығына“ жауап береді. Сондықтан біз үшін нормативтік құқықтық акт жобаларының жоғары сапасы және құқық қолдану практикасы өте маңызды. Алайда, тұжырымдаманы қайта қарау қажет. Заңға енгізілген өзгерістер бойынша сұрақтар бар. Олардың жүйесіздігі талдамалық және болжамды құрамын күшейту қажеттілігін көрсетеді», — деді Азамат Есқараев елордада өтіп жатқан «Заң шығару процесін жетілдіру» атты дөңгелек үстелде.
Министрдің айтуынша, ғылыми нормашығармашылық процеске сараптамалық қоғамдастықты тарту керек.
«НҚА-да норма жазу әдіснамасының болмауы заң тілінің халық үшін күрделі әрі түсініксіз болуына әкелді. Күрделі сөйлемнен тұратын нормативтік құқықтық акт ережелері түсініспеушілік туғызады. НҚА-ның мемлекеттік және орыс тілдерінде түпнұсқалығын қамтамасыз ету керек», — деді ол.

ARDA-Aqparat

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған