Азамат Сатыбалды Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Киностудия ұжымына жаңа басшыны Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов таныстырды.
Министр «Қазақфильм» киностудиясының жұмысын үйлестіру абыройлы әрі жауапты міндет екенін атап өтті.
«Отандық киноөнерінің «қара шаңырағы» саналатын Қазақфильм – ауқымды және күрделі өндірістік ұйым. Былтыр киностудия жанынан «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі құрылды. Мемлекет басшысының киностудия жұмысын жаңғырту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында 87 техникалық жабдық сатып алынды. Алдағы уақытта, модернизацияның 2 кезеңін бастау керек»,- деді Асхат Оралов.