«Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев Астанаға келді. Аздаған уақыттан соң ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу үшін Ақордаға барады», — делінген БОРТ1 Telegram-каналында, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Әзербайжан Президентін әуежайдан Үкімет басшысы Әлихан Смайылов күтіп алды.
Еске сала кетейік, Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келді.
Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады.