Четверг, 28 ноября, 2024

Ажар Ғиният Алматыдағы ауруханада АИТВ жұқтырғандарға қатысты түсініктеме берді

Күні кеше ғана БАҚ беттерінде Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасында бірнеше адамның АИТВ жұқтырғаны туралы ақпарат тарады. Аталған мәселеге қатысты Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният түсініктеме берді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Министрдің айтуынша, былтыр 4 мың адам АИТВ жұқтырған. Ал 2021 жылы бұл көрсеткіш 3,5 мың адамды құраған.

«Алматы бойынша ақпарат келіп түсті. Комиссия жіберілді. Біз ауруханаішілік инфекцияның таралуын жоққа шығарғымыз келеді. Тексеру қалай өтеді, біз толық ақпарат береміз. Енді эпидемиологиялық тергеу жүргізу керек, инфекцияның көзін, инфекция жолдарын, ауруханаішілік инфекция болған-болмағанын анықтау керек. Министрліктің, комитеттердің ең үздік мамандары сол жерге жіберілді», — деді Ажар Ғиният.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған