Вторник, 26 ноября, 2024

Қате ақпарат — министр Әбішевке қатысты арыз туралы

Бұған дейін Елжан Біртанов қазіргі денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бұрынғы әріптесі Олжас Әбішевті сотқа бергенін хабарлаған еді. Алайда министр мұны жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Біртанов ісі бойынша бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев апелляциялық сот отырысында өзінің үстінен министрдің арыз жазғандығы туралы ақпаратты таратқан болатын.

Бұл қате ақпарат. Мен нақты оның (Әбішевтің) үстінен арызданбадым. Әлдекімдер менің келісімімсіз маған қатысты жеке деректерді қолданып, петицияға қатысқан. Ол жерде менің жеке басымның мәліметтері, соның ішінде жеке сәйкестендіру нөмірімді (ЖСН) қолданған. Мемлекеттік органның басшысы екенімді ескере отырып, менің кез келген сөзімді халық министрліктің атынан айтылған ұстаным ретінде қабылдайтындықтан мән-жайды анықтау үшін арыз жаздым. Оны кімнің, қандай мақсатпен жасағанын анықтауды сұрадым, — деп түсіндірді Ажар Ғиният.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған