Вторник, 26 ноября, 2024

Ажар Ғиният: Өткен жылы 29 648 қызылша жұқтыру жағдайы тіркелді

2023 жылы елімізде 29 648 қызылша жұқтыру жағдайы тіркелді. Оның 80%-ы – балалар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті.
«2023 жылы елімізде 29 648 қызылша жұқтыру жағдайы тіркелді. Оның 80%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар. Биыл 1 қаңтардан бері 1674 қызылшамен ауырғандар тіркелді», — деді Ажар Ғиният Үкімет отырысында жасаған баяндамасында.
Сондай-ақ, министр қызылша бойынша тұрақтандыру үрдісі 6 өңірде – Ақтөбе, Қызылорда, БҚО, Қарағанды, Жетісу, Түркістан облыстарында төмендеу байқалатынын атап өтті.
«Төмендеу үрдісі 3 өңірде – Шымкент қаласында, Жамбыл және Ұлытау облыстарында байқалды. Қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында өткен жылы осы ауруға қарсы жоспарлы вакцинациялау жүргізілді. Яғни бір және алты жастағы 700 мыңға жуық бала егілді», — дейді ол.

ARDA-Aqparat

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған