Ханчжоуда өтіп жатқан XIX Азия ойындарында қазақстандық спортшылар жергілікті жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленіп жатыр, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Мәдениет және туризим министрлігінің баспасөз қызметінен хаьарлағандай, еліміз құрамасына Қытайда оқып жатқан студенттер, қандастармен қатар жергілікті спорт жанкүйерлері де қолдау білдіріп жатыр.
«Қазақстандық дзюдошылардың белдесуін көрдім. Жақсы өнер көрсетті. Қазақстанда да ірі халықаралық іс-шаралар өтетінін білемін. 2017 жылы сіздерде ЭКСПО көрмесі өткенінен хабардармын»,- дейді Ханчжоу тұрғыны Дэн Юэ.
Сондай-ақ Азиадада жүрген еріктілердің арасында қазақстандық спортшыларға қолдау білдіретіндер көп. Олардың басым бөлігі Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері. Жастардан бөлек, Димаштың өнерін бағалайтын ересектер де қазақстандықтарға ыстық ықылас білдіруде.
«Ия мен ол әншіні (Димашты) білемін, концертте көрдім, өте керемет! Қазақстанның спортшылары мен жанкүйерлеріне алыстан келіп, Азиадаға қатысқаны үшін алғыс білдіреміз. Бұл – өз еліне және спортқа деген сүйіспеншіліктің дәлелі», — дейді Азия ойындарын тамашалауға Бейжіңнен келген Лю Пэнчжань.