Среда, 27 ноября, 2024

«Бәрі бітті»: Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаштың ажырасып кеткені рас па?

Блогер, актер Жахан Отарғалиевтың әлеуметтік желідегі жазбасы жұртты ойландырып қойды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Блогер парақшасында Instagram-да Балжанмен түскен видеоны жариялап “Бәрі бітті” деген жазба қалдырды.

Жахан мен Балжан әлеуметтік желіде бір-бірін достар қатарынан алып тастаған. Сондай-ақ блогердің Балжанмен бірге түсен суреттері мен видеоларын парақшасынан өшіріп тастағанын байқауға болады.

Желі қолданушыларының бірі мұндай шешімге келген Балжан үшін қуанышты екенін жазса, енді бірі мұны кезекті хайп деп қабылдады.

“Бұл рас болса, Балжан үшін қуаныштымын”, “Жахан желіге салса, Балжан тіпті жариялаған жоқ”, “Ол Балжанға лайық емес”, “Жаханға қалай тұрмысқа шығы жүр?”, “Қыркүйекте кино шығады. Соның алдындағы дауыл ғой”, “Хайп керек”, “Киносы өту үшін жасап жатыр”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған