Индонезияның Сурабая қаласында бір мезетте 300-ден аса ғалым мен дін қайраткерімен бірге Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия мен Сирия жұртының амандығы үшін арнайы дұға жасады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Индонезияның Сурабая қаласында өткен «Ислам фиқһы жаһандық өркениет үшін» бірінші халықаралық конференциясында Түркия мен Сириядағы зілзаладан қайтыс болғандардың рухына және әлемдегі бейбітшілік пен тыныштық үшін бір мезетте 300-ден аса ғалым мен дін қайраткері дұға жасады.
«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарма ұжымымен бірге Сурабая қаласындағы зәулім мешіттердің бірі Masjid Nasional Al Akbar-ға зиярат етіп, Алла Тағаладан Түркия мен Сирия жұртының амандығы үшін арнайы дұға тіледі».